• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Ақпан, 2025

Екі облыста таңға дейін автожолдар жабылды

112 рет
көрсетілді

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарламаларында айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Абай, Қарағанды облыстары аумағындағы тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қою – ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр.

Хабарламада айтылғандай, бүгінгі сағат 19:30-да Абай облысындағы «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 383-704 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Аягөз қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 6 ақпанда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ дәл сондай хабарламада бүгінгі сағат 20:00-де Қарағанды облысында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1864 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғаны, жолдың ашылуы уақыты 6 ақпанда сағат 07:00-ге жоспарланғаны мәлім етілген.

Соңғы жаңалықтар