Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті.
Мәдени іс-шара еліміздің танымал альтисті, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманды еске алуға арналды.
Музыка кешіне Я.Фудиманның шәкірттері, музыканттар мен альт жанрын сүйіп тыңдаушылар жиналды. Айта кетейік, Яков Фудиман – музыка саласында мол мұра қалдырған өнер иесі. Сондай-ақ ол 150-ден астам шәкірт тәрбиелеген үлкен мектеп қалыптастырды. Олардың қатарында мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жетекші педагогтер мен әртістер бар.
Еске алу кеші маэстроның еліміздегі альт өнерін дамытуға қосқан зор үлесін айшықтаған ерекше мәдени іс-шараға ұласты.