Балқаш – Алматы бағытындағы жаңа пойыз екі қала арасындағы тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін жолаушылар Сарышаған стансасында ауысып мінуге мәжбүр болатын.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, аталған маршрут Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол салынғаннан кейін іске қосылған, бұл желінің өткізу қабілетін арттырды.
Пойыздың қозғалыс кестесі:
Балқаш - Алматы – жұп күндері сағат 07:52-де жолға шығып, Алматы-2 стансасына 00:58-де келеді.
Алматы - Балқаш – тақ күндері сағат 00:10-да жолға шығып, Балқашқа 15:03-те келеді.
Сондай-ақ, жол жүру уақыты 17 сағат болатыны нақтыланған.