• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Ақпан, 2025

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде тұман түседі

180 рет
көрсетілді

«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, еліміздің көп бөлігінде тұман, жел, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде түседі. Солтүстігінде аздаған қар жауады.

Түнде Түркістан облысының таулы аймағында қатты қар жаууы мүмкін. Жоғары қысым аймағының ықпалынан елдің батысы, солтүстік-батысы, оңтүстік, шығыс, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика көлемінде тұман түсіп, солтүстік, оңтүстік, шығыста – жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста – жаяу бұрқасын соғады. Ал солтүстік, оңтүстік, оңтүстік-батысында – көктайғақ болады.