• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Ақпан, 2025

12 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды

91 рет
көрсетілді

Қазақстанда жердің спутниктік мониторингі жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун айтты, деп жазады Egemen.kz.

Бұрын жердің құнарлылығын тексеру үшін инспекторлар сонда барып тексерген. Барлық жұмыс қағаз арқылы жүргізілген. Вице-министр бұл кезеңде мемлекеттік базалар арасында байланыс болмағанын айтты. 

Қазір бұл үрдіс цифрландыру көмегімен жеңілдетіліп, «Жер инспекторы» жүйесі іске қосылған.

«Қазір 116 млн га ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингі жүргізіліп жатыр. 2022 жылдан бастап жерді тиімсіз пайдалану салдарынан 12 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 2025 жылы тағы 2 млн гектар жерді қайтару жоспарланған Жергілікті тұрғындар үшін 5 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайта бөлінді», деді Дмитрий Мун.

Спутниктік мониторинг көмегімен қазір елдің барлық аумағы бақылауға алынған. Жер иелері SMS және жеке кабинеті арқылы автоматты түрде хабарлама алады. Осы арқылы мемлекеттік органдарға қажетті бірыңғай деректер базасы құрылған.