• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Ақпан, 2025

Елімізде отбасылық зорлыққа қарсы арнайы бөлімше құрылды

180 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі Істер Министрінің бұйрығымен  биыл қаңтар айында еліміздегі барлық полиция бөлімдерінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылған.

Жаңа құрылым осы саладағы  жинақталған жүйелі проблемаларды жоюға бағытталған. Бөлімше қызметкерлері тұрмыстық зорлыққа қарсы іс-қимылмен тікелей айналысады.