• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 18 Ақпан, 2025

«Қазақмыс» қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек көрсетеді

51 рет
көрсетілді

«Қазақмыс» ұжымдық келісім-шартта көзделгендей, «Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдік зиянды өтеу үшін, қаза тапқандардың отбасына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 миллион теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған.