• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2025

Тарихи шаһарларға аялдайтын пойыз

100 рет
көрсетілді

Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік қатынасты кеңейту мақсатында «Керуен Экспресс», «Jibek Joly» пойыздарын іске қосады.

Жолаушылар Наурыз мейрамы туысқан екі елде қалай тойланатынын тамашалап, ұлттық дәстүрлердің ерекше үйлесімін сезіне алады. «Керуен Экспресс» туристік пойызы Алматыдан жол тартып, Алматы – Түркістан – Таш­кент – Самарқанд – Тараз –Алматы бағы­тында жүреді. Сая­хат ұзақ­тығы – 7 күн, 21–27 нау­рыз аралығында жол тартады.

«Jibek Joly» пойызы да Алма­тыдан жолға шығып, Алматы-Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Алматы бағытымен қатынайды. Тур 6 күнге созылады, 20–25 нау­рыз аралығында өтеді.

Туристік пойыздар заманауи отандық өндірістен шыққан жаңа вагондардан құралған, іші-сырты ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. «Керуен Экспресс» пойызында 5 вагон бар: 4 купе, 1 мейрамхана вагоны. «Jibek Joly» пойызы 7 вагоннан тұрады: 6 купе, 1 мейрамхана вагоны.

Түркістанда туристер киелі орындар мен тарихи сәулет өнері­нің жауһарларымен танысады. Олардың қатарында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Ұлы Жібек жолы дәуірінің ерекше атмосферасын қайта жаңғыртқан «Керуен-сарай» кешені бар.

Ташкентте туристер Хазрати Имам тарихи кешені, Барақ хан мед­ресесі, Әбу Бәкір Каффал Ша­ши, Төле би кесенелері сынды та­рихи орындарды аралап, көне сәу­лет өнерінің сырларына қаны­ғады. Сонымен қатар «Magic City» тақырыптық саябағы, басқа да заманауи демалыс орындарында уақыттарын қызықты өткізе алады.

Самарқандта туристер Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі, әйгілі Регистан алаңындағы Шер-Дор, Тіллә-Кари, Ұлықбек медре­селерін аралап, көне өркениеттің тарихи мұраларымен жақынырақ танысады.

Туристік пойыздың қорытынды аялдамасы – еліміздің көне шаһар­ларының бірі Тараз қаласы. Мұнда ту­­ристер өңірдің тарихи-мәде­ни мұ­­ралармен танысып, бай архитек­тура­лық жәдігерлерін тамашалай алады.

Турпакет құнына комфортты туристік пойыздағы жол жүру, жоғары деңгейдегі сервис, кәсіби гидтер жетекшілігіндегі экскурсиялар, тамақтану, кіру билеттері, трансфер қызметтері қамтылған.

Тур ҚТЖ-ның ұйымдастыруы­мен, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы, Туризм комитеті, Көлік министрлігі, «Kazakh Tourism», Тараз қаласы, Түркістан облысы әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар