• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Тағзым 25 Ақпан, 2025

Халқымен бірге жасай береді

85 рет
көрсетілді

Қазақ әдебиетін алыс-жақындағы әлемге танытқан, шын мәніндегі классик жазушы Дулат Исабеков дарынды қаламгер ретінде халыққа өте ерте, жиырма жасынан бастап танылды.

Оның алғашқы әңгімелері мен повестері қазақ әдебиетіне жаңа леп әкелді. Сәл кейінірек Дулат Исабеков драматург ретінде де жарқырап көрінді. Қаламгердің әдебиетке сіңірген бұл ұшан-теңіз еңбегі барынша лайықты, жоғары бағаланды. Соған орай Дулат Исабековтің есімі мен аса бағалы мол мұрасы ешқашан ұмытылмай, өз халқы­мен бірге мәңгі жасай береді.

Мен Дүкеңмен өткен ғасырдың 70-жылдарының ортасынан бастап біраз жыл «Жалын» баспасында бірге жұмыс істедім. Ал соңғы 20 жылдай уақытта Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында болашақ сценаристер мен драматургтерге қатар ұстаз болып жүрдік. Дүкеңмен өткен сол сәттердің естелігі енді жадымызда мәңгілікке сақталады. Даңқты қаламгердің жатқан жері жарық, иманы жолдас болсын!

 

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург