Taza.kz

# Тағзым

Тағзым • 13 Мамыр, 2026

Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады

Парламент Мәжілісі Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Құжатқа сәйкес, елде үш жаңа орден пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағзым • 09 Мамыр, 2026

Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

  Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Жеңіс күнін мерекелеу аясында қазақ халқының даңқты қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағзым • 09 Мамыр, 2026

Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды

  Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1945 жылы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағзым • 08 Мамыр, 2026

Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

«Ардагерлерге тағзым» республикалық акциясы аясында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері Астанада тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевті Жеңіс күніне орай арнайы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағзым • 04 Мамыр, 2026

Жазушы рухына тағзым: АҚШ-та Мұхтар Мағауинге көктас қойылды

АҚШ-та Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин қабіріне көктас қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 17 Сәуір, 2026

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Президент жанындағы Мемле­кет­тік бас­қару академиясы ғима­ратында мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен қызмет жолына арнал­ған «Кекілбаев тұл­ғасы» кітабының тұсау­кесер рәсімі өтті. Іс-шараға Парламент депу­тат­тары, қоғам қай­рат­керлері, зиялы қауым өкілдері және академия қызметкерлері қатысты.

Тағзым • 17 Сәуір, 2026

Қара нар

«Даламның иісі бұрқырап, Қарттарым, аман-сау жүрші». Бұл – ақиық ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңі. Досхан Жолжақсынов осы өлеңге ән шығарғанда «Далада иіс бола ма?» деп ойлаушы ем. Сөйтсем, болады екен. Ол жусан иісі, ол апам жаққан ошақтың иісі, ол жалбыздың, қарағайдың, сағыздың иісі екен. Есағам... Есмұхан Обаев – Қазақстанның халық әртісі, профессор, осындай ошақ жаққан өңірде өмірге келген. Тәңіртаудың етегінде, Кегенде туған, ержеткен.

Тағзым • 17 Сәуір, 2026

Қош, Ес-аға!

Қазақ театры тағы бір асылынан айырылды. Асанәлі аға­мыз­дың қазасына қабырғамыз қайысып, мұңнан арыла алмай жүргенде Есмұхан ағамыздың дүниеден өтуі – бізге орны толмас қайғы.

Тағзым • 16 Сәуір, 2026

Алаш тұлғасына құрмет

Еліміздің шекарасын бекіту және тұтастығын сақтап қалу жолында күрескен қайраткер тұлға, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры, ағартушы Ә.Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде алғаш рет оқушылар арасында «Әлімхан әлемі» зияткерлік байқауы және математикадан Ермеков олимпиадасы өтті. Алдымен білім ордасында Алаш қайраткерінің ерлікке толы өмір жолына арналған мұражай ашылды.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика