Бұл туралы әлеуметтік желіде әдебиеттанушы Елдос Алаш жазды.
«АҚШ-тағы қазақ алыбының мазары. Бүгін көктасы қойылған екен. Рухы шат болсын», деп жазды ол.
Айта кетейік, Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Жазушы 2025 жылдың қаңтар айында АҚШ-та өмірден өтті. Ол Мэриленд штатындағы Роквилл қаласында жерленген.
Нұрболат АМАНБЕК