Заң • Бүгін, 10:18

Жүк көлігімен Қазақстанға заңсыз адам тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған жасырын арна анықталып, полиция тарапынан тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк көлігімен Қазақстанға заңсыз адам тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды

Фото: Polisia.kz

Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция барысында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз транзит ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті. Жедел іс-шара кезінде көрші елдің азаматы ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол өз отандастарын Ресей арқылы Қазақстан аумағына заңсыз кіргізудің схемасын жасаған.

Күдікті өз жоспарын жүзеге асыру үшін жүк көлігін пайдаланған. Тексеру барысында MAN truck маркалы көліктің ішінен адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған құпия орын анықталды. Автокөлік тәркіленіп, айып тұрағына қойылды.

Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, көлік құралын пайдалану арқылы қылмыстық әрекет жасау фактілері бойынша іс қозғалған.

Құқық қорғау органдары бұл іске қатысы болуы мүмкін басқа тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар