Спорт • Бүгін, 11:33

Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияны 6:0 есебімен ойсырата жеңді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияны 6:0 есебімен ойсырата жеңді

Фото: olympic.kz

Дүбірлі додада еліміздің хоккейшілері Жапония құрамасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Құрама сапынан Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Бреус, Роман Старченко, Кирилл Ляпунов және Самат Данияр шайба авторы атанды. 

Хоккейші Уэйн Гретцкидің жейдесі 1,2 млрд теңгеге сатылды

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Литва хоккейшілерін жеңген. Екі ойыннан кейін алты ұпай жинаған еліміздің құрамасы турнир кестесінде көш бастап тұр. Алда отандастарымыз Польша, Украина және Франция құрамаларымен кездеседі. Ал элиталық дивизионға екі құрама жолдама алады.

Шайбалы хоккей: Қазақстанның қыздар құрамасы әлем біріншілігінде үшінші орынды місе тұтты

Соңғы жаңалықтар