Оқиға • Бүгін, 10:37

Желіде тараған видеодағы жігіт әскерге өз еркімен бара жатқанын айтты

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының Чапаевка шағын ауданында болған оқиға түсірілген видео тарады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жергілікті әкімдік өкілдері әскери жасқа толған азаматтарды есепке алу мақсатында жоспарлы рейд жүргізген. Сол сәтте жас жігіт жағдайды дұрыс түсінбей, дүрбелеңге түсіп, қашпақ болған. Қатты қобалжыған ол құлап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде тараған видеодағы жігіт әскерге өз еркімен бара жатқанын айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Ресми ақпарат бойынша, мамандар оған жағдайды түсіндіргеннен кейін азамат өз еркімен жиын пунктіне барған. Кейін ол медициналық тексерістен өтіп, әскерге жарамды деп танылған.

Көп ұзамай видеодағы азамат – қала тұрғыны Ислам Өзжан желіде мәлімдеме жасап, оқиға кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінен шошып қашқанын айтты. Сондай-ақ қазіргі уақытта ол әскер қатарына өз еркімен барып жатқанын жеткізді.

Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады

Ішкі істер министрлігі бұл жағдай бойынша ресми арыз немесе шағым түспегенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар