Тағайындау • Бүгін, 12:16

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне АҚШ азаматы басшы болып тағайындалды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас атқарушы директоры болып АҚШ азаматы Майкл Дэниел тағайындалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне АҚШ азаматы басшы болып тағайындалды

Мәліметке сүйенсек, жаңа басшы авиация саласында 40 жылдан астам тәжірибеге ие. Ол АҚШ-тың Эмбри-Риддл аэроғарыш университетін «Аэронавтика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар

Майкл Дэниел еңбек жолын АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігінде (FAA) бастаған. Ол инспектор, әуе қауіпсіздігі бойынша маман, әуе кемелерін сертификаттау жөніндегі жетекші және халықаралық бағдарламалар менеджері қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар ол FAA-ның Франкфурт, Нью-Йорк, Вашингтон қалаларындағы халықаралық кеңселерінде жұмыс істеген. 2006-2009 жылдары Сингапур мен Бейжіңдегі FAA кеңсесін басқарған.

Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек

Әр жылдары халықаралық авиациялық қауіпсіздік жобаларына жетекшілік етіп, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) аясындағы көлік қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобына қатысқан. Сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) тығыз жұмыс істеген.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар