Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 2014 жылғы түлегі Мереке Байжан былтыр қараша айында мектептің пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың 2 оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған және білім ошағының 20 жылдық мерейтойын 1 миллион теңге сомасымен қолдаған.
Pavlodarnews.kz ақпаратынша енді меценат биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған мектеп түлегіне 5 миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ.