• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Наурыз, 2025

Еріген қар суы салдарынан үш облыста жол жабылды

158 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, еріген қар суы салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды.