• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Сәуір, 2025

Давид Лория футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

98 рет
көрсетілді

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория енді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметін атқарады, деп жазады Egemen.kz.

Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі. Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденінің иегері.

1981 жылы 31 қазанда Ақмола қаласында дүниеге келген. 

1997-2019 жж. - Жеңіс, Астана, Шахтер, Ертіс, Қайрат, Ордабасы, Оқжетпес, HBK Halmstad (Швеция), Спартак-Нальчик (Ресей), Caykur Rizespor и Karsiyaka S.K. (Түркия) футбол клубтарының кәсіби футболшысы;

2019 – 2020 жж. – Қызылжар футбол клубы президентінің кеңесшісі;

2020 ж. - 06.2021 ж. – «Astana» FC атқарушы директоры;2021 ж. - 09.2021 ж. – «Astana» FC бас директоры;

2022 ж. - 09.2022 ж. – «Super Bol» жобасының бас менеджері;

2020 ж. маусым айынан - 01.2025 ж.  - Астана қаласы Футбол федерациясының президенті;

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Қазақстан футбол федерациясы» Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті лауазымын атқарған.