• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 15:58

Астананың қай бөлігінде жаңа саябақ пен гүлзарлар ашылады?

20 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елордада ашылатын саябақ пен гүлзарлар туралы ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Соңғы жылдары Астанада шамамен 500 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылған. Жеңіс Қасымбек абаттандыру барысында көгалдандыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті. 

«Мыңжылдық» аллеясындағы жұмыс Қуанышбаев атындағы театр алдында орналасқан гүлзар, теміржол вокзалы маңындағы парк, «Нұрлы жол» вокзалының аумағында басталады. Бұл – ұзындығы 4 шақырымнан асатын ірі желілік саябақты салудың алғашқы кезеңі. Ол болашақта қаланың негізгі орындарын біртұтас жаяу жүргіншілер осіне біріктіреді. Сол сияқты Төле би көшесінен Әнет баба көшесіне дейін, Күлтегін көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі Greenline жаяу жүргіншілер желекжолын (2-кезек) абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр. Мұнда ойын және спорт алаңдары, тоғандар жүйесі және басқа да нысандар қарастырылады», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталды

Өзгерістер Қалдаяқов, Кенесары көшелері, сондай-ақ Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, Момышұлы және Ұлы дала даңғылдарын да қамтиды. 

Есіл өзені бойымен де жаяу жүргіншілер бағытын қалыптастыру жұмысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ «Бейбітшілік және келісім» саябағын жаңа Конгресс-орталық бағытына қарай, «Қалалық романс» саябағын абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар Кіші Талдыкөл аумағында эко-саябақты абаттандыру жұмысы басталады.

«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды

Сондай-ақ «Тұлпар» сауда үйі жанындағы, №119 мектеп маңындағы, Пушкин көшесіндегі, Сәтбаев көшесі мен Момышұлы даңғылының қиылысындағы гүлзарлар абаттандырылады. Сол сияқты Момышұлы даңғылы, Құдайбердіұлы көшесі, Қошқарбаев даңғылы және т.б. аумақтар қамтылады. Қала әкімі осы бағыттағы жұмыстар елорданың барлық ауданында жүргізілетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар