Сотталушы қазақстандықтарға АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Шенген аймағына кіретін мемлекеттерге ұзақ мерзімді визалар ресімдеуге, сондай-ақ тұрғын үй және азаматтық алуға жәрдемдесуге уәде берген, деп хабарлайды Egemen.kz
Сол уәдеге сенген 124 адам алаяқтың құрбаны болды. Келтірілген қаржылай зиянның жалпы сомасы 896 млн теңгені құраған.
Сот сотталушы әйелді бірнеше рет үлкен мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.
Кінәсін мойындағандығын ескере отырып, сот оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар туризм және көші-қон саласында 5 жыл бизнес жасауға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.