Өскемен қаласының 87 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz
Белгісіз адамдар өздерін құқық қорғау органы мен банк қызметкері ретінде таныстырып, қарияны 1,4 млн теңгесін «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірмек болған.
Абырой болғанда тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, зейнеткерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күмәнді қоңырауды тоқтатты.