• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Допинг дауы: Қазақстандық еркін күрес шебері Мадхия Усманова төрт жылға жарыстардан шеттетілді

Қазақстандық еркін күрес шебері Мадхия Усманова антидопингтік ережелерді бұзғаны үшін жарыстарға  төрт жылға шеттетілді,  деп хабарлайды, Egemen.kz

Қазақстан Республикасы антидопинг орталығының мәліметінше, спортшының 2025 жылғы 31 шілдеде алынған допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған.

Осы нәтижеден кейін Усманова төрт жылға жарыстардан аластатылды. Оның шеттетілу мерзімі 2025 жылдың 31 қазанынан басталып, 2029 жылдың 12 қазанында аяқталады.

Өткен жылдың жазында Мадхия Усманова 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 57 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші белдесуде ол үндістандық қарсыласын 6:5 есебімен ұтты. Енді Мадхия әлгі жеңіп алған медалінен айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар