• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Алматы 03 Сәуір, 2025

Алматыда жеті жасар тағы бір бүлдіршінді көлік қағып кетіп, мерт қылды

17 рет
көрсетілді

Алматыда жеті жасар тағы бір бүлдіршінді көлік қағып кетті. Ол да жантүршігерлік оқиғадан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді. Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін 15:30-да Алматының Алмалы ауданында болды.

«Jetour» маркалы көліктің жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігіне қарай, Байзақов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, рұқсат етілмеген жерден шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткен.

Соққыдан жаяу жүргінші қарсы бағытта келе жатқан «Хюндай» көлігіне соғылды.

Өкінішке қарай, бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша (ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігімен) Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.