«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекесіне орай өткен концертте бірқатар ата-аналар балаларынан көз жазып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Балалардың адасып қалуына концерт кезінде адамның көп болуы себеп болған.
Арнайы дайындалған киіз үйге 100-ден астам бала жеткізілген екен. Сол жерде ұйымдастырушылар жоғалған балаларды уақытша қарап, кейін ата-аналарына табыстаған.
«Бәрі аман-есен ата-анасына қайтарылды. Сахнадан бірнеше рет ескертіліп, баласы жоғалған ата-аналар киіз үйге бару керектігі айтылды. Мұндай жағдайлар қоғамдық шараларда жиі болады», деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.