• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2025

Қостанайда бұрын сотталған азаматтың үйінен 3 мылтық, 200 оқ-дәрі табылды

0 рет
көрсетілді

Қостанайда бұрын сотты болған азамат үйінде заңсыз аңшылық атыс қаруын сақтаған. Облысының прокуратурасы қаруды сақтау фактісі бойынша қылмыстық істің айыптау актісін бекітті, деп жазады Egemen.kz.

Тінту кезінде оның пәтерінен 3 аңшылық атыс қаруы тәркіленді, оның біреуі келте мылтыққа айналдырылған және 200 данадан астам патрон, оның ішінде "Парабеллум" тапаншасы мен "Калашникова - АК-74" автоматынан атуға арналған патрондар бар.

– Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287- бабы 3-бөлігі, яғни атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді, – деп жазды бақылаушы органнан.

Айта кетерлігі, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қару мен оқ-дәрілерді сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру шараларына қылмыстық жауаптылық көзделген. Жазаның максималды мерзімі – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Бұл ретте, ол әрекеттерде өзге қылмыс құрамы болмаса, қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қаруды ерікті түрде тапсыру үшін кез келген полиция бөлімшесіне хабарласу қажет.