• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2025

Семейде пациенттерді қолдау қызметі ашылды

0 рет
көрсетілді

Семейдегі облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты.

Ашылу салтанатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пациенттерді қолдау орталығы маңызды мәселелерді жедел шешуге және дәрігерлермен өзара іс-қимыл жасауға көмектесетінін айтты.

«Президенттің тапсырмасы аясында Семей қаласында дәрігерлерді кәсіби сақтандыру жүйесін енгіздік. Сонымен қатар, пациенттердің мәселелері тез арада шешілсін деген ниетпен осындай орталықтарды ашып жатырмыз. Қазіргі таңда республика бойынша 6 мыңнан астам адам осы қызметте жұмыс атқаруда. Бұл орталық Абай облысының тұрғындарына септігін тигізеді деген сенімдемін», деді министр.

Абай облысы