• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өнер 17 Сәуір, 2025

Опера театры – Ақтөбеде

0 рет
көрсетілді

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Астана опера» театры гастрольдік сапар­мен Ақтөбе және Хромтау қала­ларына ­барып қайтты.

Өнер жұлдыздары Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барып, өндіріспен танысып, жұмысшылармен бірге ән шырқады. Гала-опера Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсындағы айтыс сахнасымен ашылып, көрерменді тәнті етті. Тұрғындар елімізге белгілі, сонымен қатар шетелдік композиторлардың шығармаларымен танысты. Ал Сергей Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісін жас көрермен тамашалады. «Астана опера» театры­ның әртістері енді Рудный мен Павло­дар қаласында өнер көрсетеді.

«Орындайтын бағдарламамыз келген тыңдаушы қауымға өте жеңіл болады деп ойлаймын. Өйткені кеңінен танымал музыка. Бірақ орындау­шы­лар үшін әжептәуір күрделі іс-ша­ра. Абай, Брусиловский, Мұ­ха­меджанов, Ғазиза Жұбанова және Бах, Вивальди, Россини, Верди се­кіл­­ді композиторлардың музыкасы орын­­далады, флейта мен скрипка аспа­бына жазылған шығарма­лар ұсы­ны­­лады», дейді театр дирижері Абзал Мұхитдин.