• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2025

Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған

0 рет
көрсетілді

Аймақта 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылған екен. Аталған көрсеткіш бекітілген жоспарлы межеден асып, 102%-ды құраған, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылға қарай облыс бойынша жалпы көлемі 170 мың гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланып, ай сайынғы кесте бекітіліп, жер көлемі аудандар арасында бөлінді.

Бұндай көрсеткіштер – Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы департаментінің және аудан-қала әкімдіктерінің өзара тығыз іс-қимылының нәтижесі болып отыр.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.