• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Сәуір, 2025

СҚО-да жылқы ұрлаған тұрғын 7 жылға сотталды

0 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында жылқы ұрлаған тұрғын жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Былтырғы желтоқсанда М.Жұмабаев ауданындағы «Булаев-Молодогвардейск» тасжолының маңындағы қалың орманның арасында жеркепе қазып алып, жасырынған 48 жастағы жылқы ұрлаушының ұсталғаны белгілі болған.

ХХІ ғасырда елсіз жерге жасырынған қарақшы бұрын да екі рет сотталған болып шықты. Ол жеркепені жылыту үшін тіпті пеш те орнатып, отын да үйіп алған екен. Ұрыны ізімен тапқан полиция оның айғыр етін балталап, бұзып жатқан жерінен ұстаған.

Жуырда қылмыскерге сот болып, ол 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.