Биыл Қостанай қаласында 90 көше күрделі, орташа жөндеуден өтіп, 50 шақты аула абаттандырылады. Аталған жұмыстарға қомақты қаржы бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазірдің өзінде облыс орталығының Сьянов, Гоголь, Рабочий көшелерінде жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мысалы, Сьянов көшесінің ені 14 метрге дейін кеңейтіліп, инженерлік коммуникацияның бәрі бастан-аяқ жаңартылады. Жаңа төсемтастар төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған жиекжолдар жөнделеді. Құрылыс жұмыстарын «Арвис» ЖШС жүргізіп жатыр.
«Жобаның құны 1,6 млрд теңгеден асады. Жұмысты қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір жұмыс үш жерде бірдей жүріп жатыр. Екі апта шамасында Тәуелсіздік көшесіне дейінгі учаскені жаңа жол төсеуге әзірлеп бітеміз. Қаржы жеткілікті, техника мен жұмыс күші сақадай сай. Әзірге ешқандай қолбайлау жоқ», дейді мердігер Владимир Аветисян.