• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Тағзым 23 Сәуір, 2025

Тау қозғалса қыңбайтын

20 рет
көрсетілді

Біздің алдымыздағы толқындар, әсіресе Сайын Мұрат­беков, Рамазан Тоқта­ров, Әкім Тарази, Қабдеш Жұма­ділов, Қалихан Ысқақ, осылардың бәрі өздерін бес тапалмыз дейтін. Сол бес тапалдың қай-қайсысы болсын өте дарынды, өзіндік үлкен жолы бар қаламгер­лер еді.

Өмір бар жерде өлім бар, табиғаттың заңдылығы сол екен, әрбірін қимағанымызбен, бәрі кезегімен дүниеден өтіп кетті. Қалихан ағамыздың да жақында 90 жылдығын артындағы ұр­пақтары, оқырмандары жұ­мылып тойлағалы жатыр.

Бес тапалдың соңғысы осы Әкім Тарази еді. Әдебиетке адал Әкім көкеміз де тіршілігінде мызғымас мұраттарды маңдайға тұтқан талай шығарма жазды. Жылдар бойы ұрпақ жадында жаңғыра түсетін, көңіл тербеп, жүрек толқытып, саналарды сәулелендіретін өлмес туындылар қалдырды. Еңбектері ел көлемінде, мемлекеттік тұр­ғыда мойындалды, жоғары баға­ланды.

Қандай жағдай болсын, ағамыз сабырлы, салмақты адам еді. Тау қозғалса қыңбайтын мінез бергендей елестейтін. Артындағы інілеріне қамқорлық жасаудан танбайтын. Жоғарыда айтқан ағаларымыздың еш жамандығын, ұсақтығын көрген жоқпыз. Қимағанымызбен, қанша қиналсақ та сабыр етіп, артындағы ұрпақтарына, Құдай қосқан қосағы Розаға көңіл айтамыз. Ұрпақтары аман болсын.

Әкімнің мәңгілік сапары енді басталды. Шығармаларын қалың оқырманы қолдан түсірмейді. 

 

Кәдірбек СЕГІЗБАЙҰЛЫ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты