• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2025

Димаш арқылы пайда тапқысы келетін алаяқтар көбейді

20 рет
көрсетілді

Димаш Құдайбергеннің командасы әншінің жанкүйерлеріне ресми ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде әншінің бейнесі мен дауысын пайдаланған алаяқтық видео тарап кетті. Онда «табысты арттыратын қосымша» жарнамаланған.

- Бейнежазба мен дауыс жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған. Бұл роликке Димаштың ешқандай қатысы жоқ. Барынша сақ болуды сұраймыз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және жалған ақпаратқа сенбеңіздер, – делінген команда таратқан хабарламада.