• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2025

Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болды

80 рет
көрсетілді

Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында жарылыс болды, деп хабарлайды IRNA.

Соңғы мәліметтер бойынша жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 406 адамға жетті.

— Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портындағы қуатты жарылыстан кейін жедел жәрдем қызметі дереу дайындық күйіне келтірілді. Қазіргі уақытта ауруханаларға 406 зардап шегуші жеткізілді, — деді елдің Жедел жәрдем ұйымының өкілі.

Порттағы жарылысқа байланысты кеден қызметі Шахид Раджаи портындағы жарылыс Порттар және теңіз жүзу ұйымына қарасты «Сина» контейнер алаңында болғанын хабарлады.