• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2025

Талдықорғанда 60 отбасы үйлі болды

0 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында 60 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Баспанаға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, көпбалалы аналар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ие болды.

Жаңа қоныс иелерінің арасында он жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрған, көпбалалы ана Дана Байдалиева да бар. Ол үш бөлмелі жаңа пәтерге ие болып, алғысын жеткізді.

Қала әкімі Ернат Бәзілдің айтуынша, бүгінде қаланың инфрақұрылымы қарқынды дамып, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Жыл басынан бері «Бірлік» ауданында 120 отбасы қоныс тойын тойласа, бүгінгі мерекемен бірге бұл көрсеткіш 180-ге жетті.

Өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасы баспаналы болса, биыл 1500-ге жуық отбасыға жаңа пәтер кілті табысталмақ.