• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Су мамандарының алғашқы тобы Қытай мен АҚШ-та оқып келді

20 рет
көрсетілді

Сала министрлігінің өкілдері шетелден оралған мамандармен кездесті. Министрлік мәліметінше барлық курстар қабылдаушы елдер есебінен, халықаралық келісімдер-бағдарламалар шеңберінде ұйымдастырылғандықтан, оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеген, деп жазады Egemen.kz.

 

The International Visitor Leadership Program халықаралық алмасу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан мамандары АҚШ-қа барып, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жолдарын зерттеп, бір айлық оқудан өтіп елге оралды.

Сонымен қатар, су саласының 30 маманы ҚХР-да екі аптаға созылған біліктілік арттыру курсын аяқтады. Жыл соңына дейін Қытайға 25 адамнан тұратын тағы үш топты жіберу көзделіп отыр.

«Технология мен цифрландырудың дамуына байланысты су саласы мамандарын қайта даярлауға деген сұраныс артып отыр. ҚХР-да су инфрақұрылымдары жақсы дамыған әрі өзіндік ерекшеліктері бар және олар су саласындағы білікті мамандарды дайындаудың тиімді әдістерін қолданады. Сондықтан Қытайдың бұл тәжірибесі біздің су мамандары үшін өте пайдалы», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Бүгінде сала министрлігі курстар ұйымдастыру бойынша басқа да елдермен келіссөздер жүргізіп жатыр.