• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:29

Ұлттық мектеп лигасының финалы басталды

20 рет
көрсетілді

Ұлттық мектеп лигасы – Қазақстандағы балалар арасындағы ең ірі спорттық жоба. Бүгін Астанада 7–8 сынып оқушыларына арналған осы жобаның  республикалық финалы басталды. Қорытынды кезеңге іріктеу кезеңінен үздік шыққан 5000-нан астам оқушы қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Спорт сүйер оқушылар мектеп бағдарламасына енгізілген 10 спорт түрі: тоғызқұмалақ, шахмат, жеңіл атлетикалық кросс, «Былғары доп» футболы, үстел теннисі, «Шұбар доп» волейболы, «Алтын доп» баскетболы, асық ату (ұлдар үшін), бес асық (қыздар үшін) және «Ұшқыр доп» гандболы бойынша жүлдеге таласады.

«Биыл жарыстар алғаш рет республикалық деңгейдегі кәсіби спорт кешендерінде өтіп жатыр. Ойындарға тиісті спорт федерацияларынан шақырылған төрешілер төрелік етеді.

Лига төрт кезеңнен тұрады: мектепішілік, аудандық/қалалық, облыстық және республикалық финал. Қатысу шарты – команда тек бір мектептің оқушыларынан құралуы тиіс. Спорт мектептері, интернаттар мен академия командалары жарысқа қатыстырылмайды. Бұл Лиганың әділ әрі барлық оқушы үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді», делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Оқу жылы бойы бұл Лигаға қалалар мен ауылдардан барлығы 3,5 миллионнан астам оқушы қатысты.