• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:30

Техас штатында атыс болып, 1 адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында 16 жасқа толу құрметіне ұйымдастырылған туған күн кеші жантүршігерлік атыспен аяқталды. Оқиға жексенбіге қараған түні сағат 00:40 шамасында Черрихилл көшесінің 6000-блогында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, кешке шақырылмаған бейтаныс адам келіп, кенеттен оқ жаудырған. Бұған жауап ретінде кешке қатысқан басқа қонақтар да қару қолданып, атыс басталып кеткен.

Салдарынан 16 мен 40 жас аралығындағы 15 адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Атыс кезінде 18 жастағы бозбала ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған.

Қазіргі уақытта атысқа күдікті адамның жеке басы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Флорида штатындағы университет аумағында тағы бір атыс тіркеліп, екі адам қаза тауып, алтауы жараланған болатын.