Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль иеленді. Оның екеуі — алтын, үшеуі — қола, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасөспірімдер арасындағы сында 59 келі салмақ дәрежесінде Ксения Прозорова мен 61 келіде Бейбарыс Ерсейіт қарсыластарынан оқ бойы озып, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, 71 келіге дейінгі салмақта Кира Данилова, 73 келіде Ернұр Мырзахметов және жастар арасында 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Саулебеков қола жүлдеге ие болды.