• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Сенат Төрағасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

30 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Ол бұл мерекенің елдік пен ерлікті ұлықтайтын, патриоттық рухты арттыратын ерекше күн екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отан қорғау – ер еншісі» деген халық даналығын келтіре отырып, Әшімбаев еліміздің кең байтақ жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілердің батырлық дәстүрді лайықты жалғастырып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен айтқанда, бүгінгі Қазақстан әскері – батыр бабалар жолын жалғаушы, ел қорғаны бола білген күш.

«Қуатты армиямыз – тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны және мызғымас мемлекеттіліктің мығым тірегі. Алдағы уақытта да қорғанысымыз күшейіп, әскеріміздің айбыны асқақтай берсін!Отаншылдық сезімді арттыра түсетін мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға бақ-береке тілеймін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын!», делінген құттықтауда.

Сенат төрағасы барша азаматтарға Отаншылдық рух сыйлайтын мереке қарсаңында бейбіт өмір, бақ-береке және еліміздің іргесінің әрдайым берік болуын тіледі.