Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513– 519 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банктің 11 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,26 теңге. Еуро — 582,47.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516,4 теңге. Еуро 582 — 586 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 580 теңгеден сатып алынып, 587 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,11 — 6,25 аралығында саудаланып жатыр.