• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:08

СҚО-да тұрғындардан бірнеше мылтық тәркіленді

20 рет
көрсетілді

Қазір облыс тұрғындарынан тіркелмеген отты қаруларды сатып алу акциясы жүргізілуде. Кейбір тұрғындар қолдарындағы  қаруларын өз еркімен тапсырып, сыйақы алуды дұрыс санаса, басқалары оларды жасыруға тырысатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Есіл ауданының 58 жастағы тұрғыны егіс алқаптарынан тауып алдым деп «ТОЗ-8» мылтығын тапсырды. Қазір бұл қарудың қандай да бір қылмысқа қатыстылығы тексерілу үшін сараптамаға жолданды.

Ал 50 жастағы басқа бір тұрғын тіркелмеген қаруын тапсыруға асықпаған. Рейд барысында оның «Toyota» автокөлігі тоқтатылып, жүксалғыштан ИЖ-16 тегіс ұңғылы және «ТОЗ-16»  мылтықтары табылды. Бұл қарулар да тіркелмеген болып шықты, сондықтан полиция оларды тәркіледі. Қазір бұлар да сараптамаға жіберілген.

Сондай-ақ 44 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген «VALTRO» газды тапаншасы табылған. Сараптама қарудың калибрі 9 мм. патрондармен атуға жарамды екенін көрсетті. Тәртіп бұзушылардың екеуіне қатысты әкімшілік материал жиналды.

Солтүстік Қазақстан облысы