• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:50

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

20 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың І тоқсанында еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға қатысты сандық дерек ұсынды. Сол статитистикаға сай,  республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылған, деп жазады Egemen.kz.

Оның ішінде 7 141 мыңы (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,4% құрап отыр. 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалдамалы қызметкерлер есебінен жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өскен. 

Жұмыспен қамтылғандардың 17% саудада, білім беру ісінде - 13,4%, өнеркәсіп - 12,5% және ауыл шаруашылығы - 10,3% салаларында байқалған.Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында болған. Бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының  - 28%. Жұмыспен қамтылғандардың 40% - 29-34 және 45-54 жас санаттарындағылар.Жалдамалы қызметкерлердің ең көбі- Алматы қаласында. Олардың саны - 985,8 мың. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген, тиісінше 378,2 мың және 233,7 мың адамнан.