• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Руханият Кеше

Ақтөбелік кітапхана халықаралық байқаудың жүлдесін жеңіп алды

50 рет
көрсетілді

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  Мәскеудегі Маргарита Рудомино атындағы бүкілресейлік  шетел әдебиеті кітапханасы ұйымдастырған «Премия Рудомино» халықаралық  байқауында «Достастық елдерінің үздік халықаралық жобасы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Cараптамалық кеңес мүшелері  ВК желісінде және YouTube арнасында ашық дауыс беру арқылы байқауға қатысқан  17 жобаның ішінен Мәскеу, Санкт-Петербург, Тамбов қалалары мен Қазақстаннан  Ақтөбе облыстық кітапханасын іріктеп алды. Ақтөбелік кітапханашылар өткен жылы «Шекарасыз әдебиет» жобасы аясында сәтті жобалар ұйымдастырғаны үшін үздік шықты.   Жүлдегерлер  «Кітапханалардың болашағын қалыптастыру» VIII- жиынында марапатталды.  Шетел  әдебиеті кітапханасының бас директоры Марина Захарченко  С. Бәйішев кітапханасының директоры Сұлушаш Хакимованы құттықтады.    Рудомино сыйлығы екі кітапханашыға шетел әдебиеті кітапханасында біліктілік курстарынан өтуге  және  халықаралық кәсіби бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді. Ақтөбелік  кітапханашылар Шетел әдебиеті кітапханасына Абай Құнанбайұлының қара сөздері  мен «Ақтөбе қаласының тарихы»  кітаптарын сыйға тартты.

Қазылар алқасының құрамында Шетел әдебиеті кітапханасының бас директоры Павел Кузьмин,  осы  кітапхананың Қамқоршылық кеңесін мүшесі Василий Рудомино, Құрманғазы Баялинов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Роза Сұлтанғазиева,  Науаи атындағы Өзбек республикасы ұлттық кітапханасының директоры Умида Тешабаева және  Тәжік республикасы ұлттық кітапханасының директоры Джумахон Файзолизода болды.

Ақтөбе облысы.