• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Мамыр, 2025

Нигерияда паром аударылып, 37 адам қаза тапты

140 рет
көрсетілді

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде паром апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 37 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиғаға кеменің шамадан тыс жүктелуі себеп болған.

«Саудагерлер Гбаджигбо қаласындағы базарды жауып, Нигер штатындағы өз қауымдастықтарына қайтып бара жатқанда, су көлігі аударылған», делінген хабарламада.

Апат болған жерде құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге билік өкілдері оқиға кезінде бортта қанша адамның болғанын нақтылаған жоқ.