• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 18:00

Қазақстан шайбалы хоккей құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

10 рет
көрсетілді

Данияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінің кезекті сынында ел құрамасы АҚШ спортшыларынан жеңілді, деп жазады Egemen.kz.

Ойынның алғашқы кезеңінде есеп ашылмағанмен, екінші кезеңде қарсылас құрамасы бес бірдей жауапсыз шайба соқты.

Үшінші кезеңде Зак Веренски есепті 0:6-ға жеткізді. Владимир Волков аз құрамда алға шығып, Қазақстан құрамасы соққан жалғыз голдың авторы атанды.  – 1:6.

Қазақстан – АҚШ 1:6 (0:0, 0:5, 1:1) ойынында қақпадан саңылау тапқан спортшылар: 

0:1 – 26:58 – Назар (Лакомб, Эйссимонт)

0:2 – 31:46 – Лакомб (Назар, Маккарон)

0:3 – 34:00 – Томпсон (Буйюм, Пинто)

0:4 – 34:58 – Бенирс (О’Коннор)

0:5 – 39:04 – Кесселринг (Назар, Эйссимонт)

0:6 – 45:54 – Веренски (Кесселринг, Келле)

1:6 – 59:10 – Волков (Қазақстан)

Федерацияның баспасөз қызметінің дерегінше, қазір Қазақстан турнирлік кестеде соңғы орындарда. Сондықтан Олег Болякиннің шәкірттері элиталық дивизионнан шығып қалуы мүмкін. Бұл Венгрия – Норвегия және Швейцария – Қазақстан (біздің құрама үшін соңғы матч) ойындарының нәтижесінде айқындалады.