• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:30

Дүбірлі фестиваль басталды

20 рет
көрсетілді

Ел астанасында «Опералия» халықаралық музыка фестивалі басталды. «Астана Опера» театрында салтанатты қызыл кілем жайылып, алдағы қойылымдардан үзінділер ұсынылды. Ролан Петидің үш туындысының премьерасы қойылды.

Мәдени кеште көрермен француз хореографының танымал бір актіден тұратын ба­леттерін тамашалады. Атап айт­сақ, «Арлезианка», «Бозбала және Өлім», «Кармен» – сахна­ның бар сән-салтанатымен көрініс берді. Қойылымдар «Астана Опера» балет труппасының көр­кем­дік жетекшісі Алтынай Асыл­мұратованың бастамасымен сахналанды. Бұл балеттерді жаң­ғырту зор күшті талап еткені сөз­сіз. Р.Пети хореографиясын театрға алып келумен Луиджи Бонино айналысты. Тарихи декорациялар мен костюмдерді түпнұсқа сызбаларға сай етіп қал­пына келтіру француз суретшісі Жан-Мишель Дезире үйлестірген қазақ­стандық суретшілердің ассис­тенттеріне жүктелді. Сон­дай-ақ музыкалық партитуралармен тиянақты жұмыс атқарылды. Айта кетейік, Элмар Бөрібаев пен Руслан Баймурзиннің бас­қа­руындағы оркестр шебер ойнап, үннің тамаша қуаты мен музы­ка­ға деген айқын адалдықты паш етті.

Премьерада балет жұлдыз­дары, труппаның жетекші со­листері мен кордебалет әртіс­тері өнер көрсетті.

Айта кетейік, дәстүрлі фес­тиваль екі айға жалғасады. Көрерменге 6 мау­сым күні ре­сейлік тенордың қа­тысуымен Ж.Бизенің «Кармен» операсы ұсынылады. Одан бөлек осы айда екі бірегей премьера – П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы аруы» мен В.Беллинидің «Капу­летти мен Монтекиі» қойылады. Ал 29 маусымда Қытай мен Ре­сейдің балет жұлдыздары қаты­са­тын гала-балет өтеді. Шіл­деде ел­ордалықтар мен қала қонақ­тары Дж.Пуччинидің «Богема» опе­расын тамашалай алады. Онда Италия мен Қытай­дан ша­қы­рылған солистер өнер көрсе­теді. Сондай-ақ XXI ғасыр ба­леті Р.Ребектің «Қазіргі сәт қан­ша уақытқа созылады?» және В.Цу­кеттидің «Souvenir de danse» қо­йылымдары ұсынылады. Дж.Пуч­чинидің «Турандот» гранд-опе­расы Қазақстан мен Ресей жұл­дыздарының қаты­суы­мен өтеді.

Бұдан бөлек К.Байсейітова атындағы Камералық залда бір­қатар концерт ұйымдас­тыры­лады. Атап айтсақ, болгариялық скрип­кашы Павел Миневтің кеші, Салауат Карибаев пен Алияр Өтетілеу қатысатын виолон­чель концерті, Мәскеуден келген Елман Ернұрдың фортепиано­лық солосы, қазақстандық ком­позиторларға арналған вокал кештері көпшілік назарына ұсы­нылады. Жалпы, мәдени фестиваль аясында көрермен үшін 30-дан астам іс-шара жоспарланған.