• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 19:53

Сац атындағы балалар театры заманауи Оқушылар сарайында «Күлшеқыз» ертегісін қойды

20 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде Алматыда Наталья Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осындай қауырт кезеңде театр ұжымы қойылымдарын қалалық Оқушылар сарайының жаңартылған үлкен концерт залында қойды.

Жаңа сахна шымылдығы «Күлшеқыз» ертегісімен ашылды. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген театр ұжымы келесі қойылымын «Бремен музыканттарымен» 22 мамырда жалғастырмақшы.

Қазақстанның халық артисі, актриса Ольга Коржева театр ұжымы және көрермендердің  қала әкімдігіне ризашылығын білдіріп, театрға 44 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстарының жасалып жатқанын жеткізді.

Қазіргі кезде театрда тірек құрылымдары күшейтіліп, шатыр мен қасбеті, сахна, жарық және дыбыс жүйелері толықтай жаңғыртылып жатыр. Ғимараттың тарихи келбетін сақтау ерекше назарда. Мәрмәр едендер, витраждар, мозаикалар мен басқа да сәулеттік элементтер қалпына келтіріліп, мүмкіндігі шектеулі көрермендердің де  театрға келуіне қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.

Театрдың негізгі ғимаратының жанынан камералық сахна орналасатын бөлек ғимарат бой көтереді. Онда SATS COMMUNITY театр студиясының сыныптары, шеберханалар және грим бөлмелері орналасады. Екі корпусты біріктіретін галерея салынады. Жөндеу жұмыстарын аяқтау келер жылдың шілде айына жоспарланған.

АЛМАТЫ