• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 11:42

Қазақстан мен Түрікменстан өзара инвестицияларды қорғауға келісті

40 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім ратификацияланды, деп жазады Egemen.kz.

Құжат 2024 жылғы 10 қазанда Ашхабат қаласында жасалған еді. Осы келісім негізінде инвестициялық қызметке қолайлы жағдай жасау, тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру және уағдаласушы елдердің экономикалық әл-ауқатын жақсарту жоспарланған.

«Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ әрі тең құқылы режимді пайдаланады. Сондай-ақ ол екінші тарап мемлекетінің аумағында толық қорғалады, қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Уағдаласушы тарап өз мемлекеті аумағында екінші тарап мемлекетінің инвесторларына олардың инвестицияларын басқаруға, ұстауға, пайдалануға немесе оларға билік етуге қатысты өз инвесторлары мен олардың инвестицияларына ұсынатын режимнен кем емес қолайлы режим ұсынады», делінген Мәжіліс хабарламасында.

Сондай-ақ, келісім бойынша бір уағдаласушы тараптың инвесторы мен екінші тарап арасындағы міндеттемені болжамды бұзуға қатысты кез келген дау мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Дауды бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмаған жағдайда мүдделі инвестор өз қалауы бойынша дауды шешу үшін аумағында инвестициялар жүзеге асырылған уағдаласушы тарап мемлекетінің құзыретті сотына не басқа да халықаралық төрелік мекемелерге жүгіне алады.