• RUB:
    6.39
  • USD:
    512.16
  • EUR:
    580.94
Басты сайтқа өту
Әскер Кеше

Шымкентте әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтті

130 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының маңындағы «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында әскери міндеттілерге арналған он күндік жиын өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу жиыны аумақтық қорғаныс бригадасының тактикалық-арнайы жаттығуымен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жиын барысында жүзден астам әскери міндетті азамат мемлекеттік-құқықтық дайындық, тактикалық, арнайы және атыс даярлығы секілді негізгі бағыттар бойынша білімдерін жетілдіріп, тәжірибелерін шыңдады. Жалпы оқу 18 түрлі пән бойынша жүргізілді. Олардың қатарында блок-бекеттердегі іс-қимылдар, қарауыл қызметін орындау, шартты қарсыластың шабуылына төтеп беру, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау мен қорғану тәсілдері бар.

Мұндай оқу жиындары әскери міндеттілердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, аумақтық қорғаныс жүйесінің нығаюына да сеп болады. Әрбір сабағы мазмұнды, нақты тапсырмаларға бағытталған, – деді Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Бақытжан Әшімов.

Жиын соңында ерекше көзге түскен әскери міндеттілерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Кейбір қатысушыларға кезекті әскери атақтар берілді.

Айта кету керек, оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери міндеттілердің негізгі жұмыс орны мен жалақысы сақталады. Сонымен қатар оларға арнайы қаржылай өтемақы, киім-кешек және тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған.

Аумақтық қорғаныс – қазіргі қауіп-қатерлерге төтеп берудің маңызды тетігі. Осындай оқу-жаттығу жиындары бейбіт күнде ел тыныштығын сақтауға дайын кадрларды әзірлеуге жол ашады.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ 2 курс студенті