• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
Әскер Кеше

Әскери медицинаның жетістіктері талқыланды

50 рет
көрсетілді

Бүгін Қарулы күштердегі әскери медицинаның рөлі жөнінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шараға ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, Астана медицина университеті мен басқа да мекемелерден 200-ден астам жетекші медицина мамандары қатысты.

Конференция аясында еліміздің жетекші профессорларының қатысуымен пленарлық және жас ғалымдарға арналған постерлік сессиялар өтті.

Жетекші мамандар инфекцияларды диагностикалаудың заманауи тәсілдері және аяқ диабеті синдромын емдеу әдістері туралы айтты. Бұдан бөлек ұрыс қимылы жүріп жатқан аймақта медициналық көмекті ұйымдастыруға назар аударылды. Бірегей инновациялық әдістерді қолдана отырып, жауынгерлік жарақатты емдеу нәтижелері талқыланды.

Конференцияға қатысушылар оқу-жаттығу жиыны кезінде жоғары медициналық оқу орындарының әскери кафедралары жанындағы запастағы медициналық қызмет офицерлерін оқыту тәжірибесімен бөлісіп, әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен жауынгерлік қабілетін қалпына келтірудегі әскери-медициналық оңалтудың рөлін атап өтті.